«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 869 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16448 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.02-нысан);
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төлеуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi» салық есептілігін және «Декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi (101.01 - 101.02-нысандар)» салық есептілігін жасау қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп нысаны (101.03-нысан);